«Елбасы медалінің» атауы «Ел үміті» болып өзгереді

17 сәуір, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
«Елбасы медалінің» атауы «Ел үміті» болып өзгереді

Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, бұрын "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры" табыстап келген "Елбасы медалін" енді "Ел үміті медалі" деп атау жоспарланып отыр, деп хабарлайды taulik.kz.

Енді аталған медальмен марапаттау іс-шараларын Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырады.

Өзгерістерді енгізуге 2023 жылғы 13 ақпанда "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" ҚР Конституциялық заңының күшi жойылуы себеп болған.