Жаңаөзендегі апаттан жарақат алған жүкті әйел сәбиінен айырылды
Жаңаөзендегі апаттан жарақат алған жүкті әйел сәбиінен айырылды
Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен жүкті әйел түсік тастады. Ал өзіне ота жасалып жатыр, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Иә, плацента жатырдан бөлініп, ота жасалды. Ол жүктіліктің 17-18-аптасында екен. Қазір кеуде омыртқасына ота жасалып жатыр», - деді Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының директоры Серік Асқаров.Оқиға салдарынан 13 адам орталық ауруханаға жеткізілген. Оның жетеуі - балалар, олар жарақатының жеңілдігіне байланысты үйлеріне қайтарылған. Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар травматологиялық бөлімге түскен орташа жағдайда күйік алған 2 кішкентай қыз ем алып жатыр. Ал реанимация бөліміне түскен ер адамға ота жасалған.