Жаңалықтар

Сәуірдегі қар: желі қолданушылары Алматыдағы тосын көрініске таңданып жатыр

Сәуірдегі қар: желі қолданушылары Алматыдағы тосын көрініске таңданып жатыр

18 cәуір күні Алматының жоғарғы бөлігінде ақ ұлпа қар жауды. Алматылықтар әлеуметтік желіде көктемнің сәуірінде жауған қардың суреттері мен видеоларын таңдана бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz. Кеше әлеуметтік желілерде алматылықтар көктемде қар жауған елорда тұрғындарына әзілдеген еді. Алайда бүгін таңертең қаланың жоғарғы бөлігінің тұрғындары қардың Алматыға да жауғанын көрді. Айта кетейік, синоптиктер мәліметінше, алдағы үш күнде күн бұлтты болады, түнде және таңертең жауын-шашын (қар мен жаңбыр) жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.