Ораза айт күні сәресін ішу қажет пе?
Ораза айт күні сәресін ішу қажет пе?
Ораза айт күні сәресін ішу қажет пе? Бұл сұраққа Taulik.kz ҚМДБ хадистеріне сүйене отырып жауап берді.
Шариғат кітаптарында: "Ораза айт күні мешітке барудан бұрын дәм ауыз тию – мұстахап (ұнамды іс)" делінген (Фатху бабил-ғиная, 1/573).
Хадистерде: "Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза айт күні тамақ ішпей мешітке шықпайтын еді", – деп айтылған (Тирмизи, Ибн Мажә).Ораза ұстаған адамға шариғат бойынша айт күні ораза ұстауға рұқсат етілмеген. Бұл туралы хадистерде де айтылған.
"Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға ораза және құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын" (Бухари).