Желіде «қыздың өз-өзіне қол жұмсап жатқан» видеосы тарады
Желіде «қыздың өз-өзіне қол жұмсап жатқан» видеосы тарады
Желіде Шығыс Қазақстан облысында қатты соққыға жығылған қыздың өз-өзіне қол жұмсап жатқаны бейнеленген видео тарап жатыр, деп хабарлайды taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеоны редакцияның WhatsApp нөміріне оқырмандардың бірі жіберген. Кадрда қыздың телефон арқылы өзін видеоға түсіріп, төмен секіретінін айтқан. Ол мұны өз еркімен жасайтынын, оны бұл әрекетке итермелеп жатқан ешкім жоғын және басқаларды кінәламайтынын айтып, барлығынан кешірім сұрайды. Кейін видеодағы қыз көпқабатты үйдің балконынан секірген.
"Шығыс Қазақстан облысында соққыға жығылған қыз өз-өзіне қол жұмсады деп жатыр. Мына ақпаратты тексере аласыз ба? Бұл жалған ба, әлде шынымен солай ма?" - деп жазды оқырман.Бұл жағдайға байланысты Tengrinews.kz редакциясы Ішкі істер министрлігіне ауызша сауал жолдады. Бұл оқиғаның қашан, қай жерде болғанын, өз-өзіне қол жұмсаған қыз шынымен де Өскемендегі сауда орталығында қатты соққыға жығылған құрбан болғаны рас-өтірігін департаменттен сұрадық. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері бұл дерек биыл ақпанда Алматыда болғанын хабарлады. Одан әрі біз Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдеріне хабарласып, бұл оқиғаның Алматыда болғанын және оның Шығыс Қазақстан облысындағы оқиғаларға еш қатысы жоғын растадық. Сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыздың тірі қалғаны белгілі болды.
"Бұл дерек биыл ақпанда Жетісу ауданында болған. 2007 жылы туған қыз 7-қабаттан секірді. Қыз тірі қалды", - деді қалалық полицияның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.