Павлодар облысында 16 сәуірде жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
taulik
Павлодар облысында 16 сәуірде жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
Павлодар облысында 16 сәуірде жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Taulik.kz.
19 сәуір "Тұрсын" шаруа қожалығының маңында 16 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіті қардан табылды.
Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталу барысында. СМЭ тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуірінде Бесқауға ауылының тұрғындары ВАЗ-2104 автокөлігімен дала алқабына жоғалып кеткен ірі қара малды іздеуге кеткен болатын. Сағат 19.00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күте бастады. Әйелі оралмаған соң, ер адам полицияға жүгінді.
Полиция жедел - іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылған. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз қ. ПБ жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар. Іздеу жақын маңдағы елді мекендердің дала алқаптарында жүргізілді. Бағдарлар барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне жіберілді.