Ақтөбеде баласын қоқыс жәшігіне тастаған әйел сотталмайтын болды

19 сәуір, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Ақтөбеде баласын қоқыс жәшігіне тастаған әйел сотталмайтын болды Ақтөбе облысында баланың денесін қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген әйел сотталмайтын болды, - деп хабарлайды taulik.kz. Ақтөбе облысының полицейлері баласының денесін қоқыс төгетін жерге тастаған әйелді тапқанын хабарлады.
"Аталған іс бойынша сараптама тағайындалып, баланың өлі туылғаны анықталды, осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Жаңа туған нәрестені ананың өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Еске салайық, 2022 жылғы қазанда Ақтөбе облысында қоқыс тастайтын жерден сәбидің денесі табылған болатын. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді.