Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін неге сотқа берді?
Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін неге сотқа берді?
Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев әкесінің үстінен сотқа арызданған, деп хабарлайды Taulik.kz.
Nege.kz хабарлауынша, экс-президент Н.Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев бірінші әйелінен туған ұлы Нұрбол Назарбаевпен соттасып жатқан көрінеді. Нұрбол Назарбаев әкесі Б.Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Гүлнұр Дүйсебаеваны сотқа берген.
Ол әкесі Болат Назарбаевтан азаматтық сот арқылы өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды, ал Гүлнұр Дүйсебаевадан әкесі екеуінің арасындағы некені жарамсыз деп тануды сұрап отыр.
Осыдан бір ай бұрын Болат Назарбаев бұрынғы әйелі Гүлнұр Дүйсебаеваны сотқа берген. Ол да соттан екеуінің некесін заңсыз деп тануды талап етті. Ал Дүйсебаева қарсы талап қойып, бірлесіп сатып алған екі автокөліктен пайда, сондай-ақ моральдық шығын мен балаларына алимент өндіру үшін 10 миллион теңге төлетуді соттан сұрады. Сот оның талабын ішінара қанағаттандырып, Б.Назарбаевтың табысының төрттен бір бөлігін балаларына төлеуге міндеттелді. Ал олардың некелері Назарбаев бір мезгілде үш әйелге үйленсе де, заңды деп танылды. Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаев құқық қорғау органдарында ұзақ жылдар қызмет атқарып, полиция полковнигі шеніне дейін көтерілген. Ол соңғы жылдары жеке кәсіппен айналысты. 2022 жылы Forbes журналы оны қазақстандық ең бай 50 бизнесменнің қатарына қосты.Бұл іс бойынша 21 сәуірде Алматы облысының Қарасай аудандық сотында алдын ала тыңдау өтеді.