Студенттер мен оқушыларды жұмысқа алған кәсіпорындарға жеңілдік берілмек
Студенттер мен оқушыларды жұмысқа алған кәсіпорындарға жеңілдік берілмек
Жазда студенттер мен оқушыларды жұмысқа алған кәсіпорындарды ынталандыру керек. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Кәмелетке толмағандар арасында болатын қылмыстың негізгі себебінің бірі – жұмыссыздық пен бос уақыттың көптігі. Тәжірибе барысында қылмыс жасаған жасөсіпірімдердің жартысынан астамы еш жерде оқымаған және еш жерде жұмыс істемегенін көрсетті, - деді Игорь Лепеха.Оның пікірінше, ауыл жастары арасында да бұл мәселе өзекті.
Ауылда жастардың дамуына, бос уақытын өткізетін шараларды ұйымдастыруға жағдай жасау қажет. Бұл проблеманы шешудің бір жолы – жазғы демалыста студенттер мен жоғары сынып оқушыларын жұмысқа тартқан кәсіпорындарға жеңілдіктер ұсыну. Аталған шара жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне септігін тигізіп, жастардың әрекетін дұрыс арнаға бағыттайды, - деді министрдің орынбасары.