Жаңалықтар

Кәмелетке толмаған көршісін зорлаған күдікті ұсталды

Кәмелетке толмаған көршісін зорлаған күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды taulik.kz POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап. Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Жетісай ауданының полиция бөліміне әйел адам шағымданған. Ол шағымында өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтқан. Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барып, барлық жедел шараларды атқарған. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамасы тағайындалған. Полицияның ақпаратынша, қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ бұл жайтты Түркістан облыстық полиция департаментінің басшылығы тікелей бақылауын алған.