20 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
20 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Атырау облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында халықаралық іздеуде жүрген 1975 жылы туған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды taulik.kz aiqyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Тексеру барысында шетелдік азаматқа Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 97-бабының 2-бөлігі және 248-бабы 2-бөлігіне негізделген қылмыстық құқық бұзушылық, яғни қасақана адам өлтіру және заңсыз қару сақтау бойынша халықаралық іздестіру жариялағаны анықталды.
«1975 жылы туған шетел азаматының уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тыйым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленді. Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды», - делінген ІІМ хабарламасында.