Жарық үшін жаға жыртысқан халық
Жарық үшін жаға жыртысқан халық
Жарық үшін Қояндының халқы жаға жыртысты, деп хабарлайды taulik.kz.
Ulysmedia.kz хабарлауынша, бұл туралы журналист Оңғар Қабден парақшасында мына видеоны жариялады. Оның жазуынша Астананың іргесіндегі Қоянды ауылы жарыққа жарымай отыр. Электрге байланысты делдалдардың талабы мен күнде өзгеріп қымбаттайтын тарифі шаршатқан.
"Осы күнге дейін арызданып бармаған жеріміз жоқ. Жаңаөзендіктер құсап энергетика министрлігінің алдына бару ғана қалды" дейді қояндылықтар.
Мемлекеттің ақшасына салынған электр жүйесі неге жекенің қолында?
Өзге ауылдар сияқты алпауыт кампания "АЭҮК-Энергосбыт" ЖШС не өтіп, сапалы әрі делдалсыз жарыққа Қояндының қолы неге жетпейді?
Аудан әкімі халықтан ай сайын тұтынған электр жарығының сыртында әр үйден 2000 теңге үстем ақы алуды бекітіп берген көрінеді.