АҚШ елшілігінің алдында ер адам өзін өртеп жіберді

22 сәуір, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
АҚШ елшілігінің алдында ер адам өзін өртеп жіберді 18 жастағы даниялық азамат Копенгагендегі АҚШ елшілігінің алдында өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Өрт сөндіріліп, зардап шеккен жігітке медициналық көмек көрсету үшін дереу ауруханаға жеткізілген. Жедел жәрдем келген кезде жәбірленуші есін біліп жатты. Полиция оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын жеткізді. Полиция жас жігіттің мұндай қадамға неге барғанын айтпады. Сондай-ақ Дания полициясы белсендіге қатысты жеке мәліметтерді жария етпеді.