Көршісіне тіл тигізген Екібастұз тұрғыны қамауға алынды
Көршісіне тіл тигізген Екібастұз тұрғыны қамауға алынды
Павлодар облысында көршісіне тіл тигізген ер адам бірнеше күнге қамауға алынды, деп хабарлайды taulik.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екібастұздағы Царева көшесінде тұратын 35 жастағы әйел көршісінің үстінен арызданған. Айтуынша, мас ер адам оның үйінің есігін қағып, ар-намысына тиетін сөздер айтқан.
Ер адамның үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс қозғалды. Құқықбұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деді жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Рустам Омаров.