Қытайда 24 көзді жұмбақ жаратылыс табылды
Қытайда 24 көзді жұмбақ жаратылыс табылды
Қытайда көзі көп жұмбақ тіршілік иесін тапты. Mirror басылымының хабарлауынша, бұл – қорапты медузаның жаңа түрі, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Гонконг университетінің ғалымдары Мэй По қорығынан табылған книдарлар класындағы улы қорапты медузаның жаңа кіші түрін тапты. Зерттеушілер оны табылған жердің құрметіне Tripedalia malipoensis деп атады. Бұл - Гонконг пен Қытайда табылған алғашқы қорапты медуза.
Жаңадан табылған тіршілік иесінің көптеген көздері, ұзындығы шамамен үш сантиметр болатын кішкентай денесі және үш шатыры бар. 24 көз алтыдан төрт топқа бөлінеді, әр топ жеке сенсорлық шұңқырда болады, оларды ропалиум деп атайды. Олар медузалар күмбезінің әртүрлі жағында орналасқан. Топта әр екі көз ғана суретті бере алады, қалғандары жарыққа сезімтал. Аталмыш медузаның шатырларының ұштары күрек тәрізді. Бұл мүмкіндік оларға басқа медузаға қарағанда жылдамырақ қозғалуға мүмкіндік береді. Қорапты медузаның жаңа түрінің денесі мөлдір және түссіз.
Бұл медузалар бұрын Ямайка, Флорида, Австралия және Үндістанда табылған қорапты медузаға ұқсайды.
Қорапты медузалар адамдар үшін қауіпті. Олардың уы өлімге әкелуі мүмкін. Австралияда адамдарды шағудан қорғау үшін жағажайларда арнайы торлар тартылады.