8 әйелі бар азамат отбасылық өмірінің сырын ашты
8 әйелі бар азамат отбасылық өмірінің сырын ашты
Сегіз әйелі бар таиландтық азамат бақытты отбасылық өмірінің құпиясын ашып, әйелдерімен қалай танысқанын айтып берді, деп жазды nur.kz.
Суретші әрі тату шебері Онг Дам Сорот алғашқы әйелімен досының тойында танысқан. Ол көп ұзамай үйленуге ұсыныс жасап, қос ғашық шаңырақ көтерген. Кейінірек, Сорот базардан тартымды бойжеткенді кездестіріп, оны ұнатып қалған. Ер адам көп ойланбастан, жаңа танысқан аруды екінші әйелі етіп алуға бекінген. Күйеуінің бұл ойына алғашқы жары да келісім берген. Дегенмен ол бойжеткенмен танысу үшін күйеуіне оны үйге әкелу туралы шарт қойған. Нәтижесінде олар тіл табысып, суретші тағы бір той жасаған.
Бірнеше уақыт өткен соң Сорот ауруханада тағы бір жанға ғашық болып, оған да үйленген.
Ер адам тағы 3 әйелімен Facebook, TikTok және Instagram желілері арқылы, 7-ші әйелімен храмда танысқан екен. Ал 8-ші сүйіктісін 4 әйелімен демалыста жүргенде кезіктірген.
Сороттың алғашқы әйелінен бір баласы бар және 2 әйелінің аяғы ауыр. Әйелдер 4 бөлмеде, яғни 1 бөлмеде 2 адамнан тұрады. Олардың өзара бекіткен күйеуінің жатын бөлмесіне кіруге арналған кестесі де бар. Осы ретте, суретші әйелдерінің бірі өзінен кетуді қаласа, онда жіберетінін айтады.
«Мен әйелімнен «расымен де айрылысқың келе ме?» деп үш мәрте сұраймын. Егер үшеуінде де жауабы «иә» болса, мен оны жіберемін», – дейді Сорот.Айтуынша, 8 әйел алғанына қарап, көпшілік оны өте бай деп есептейді. Алайда әйелдерінің бәрі өз бетінше жұмыс істеп, қолдан жасалған бұйымдар мен аксессуарларды сататын көрінеді.