Жаңалықтар

Алдағы үш күнде 33 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы үш күнде 33 градусқа дейін ыстық болады

Қазгидромет синоптиктері 25-27 сәуір аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды taulik.kz. Алдағы күндері, атмосфералық фронттардың әсерінен батыста, оңтүстікте, еліміздің солтүстік аймақтарында күн жаңбырлы болады. Оңтүстік-шығыста, 25-26 сәуірде шығыста түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, 25-26 сәуірде оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын жауады. Еліміздің қалған бөлігінде Батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыста және оңтүстік аймақтарда найзағай жарқылдайды. Шаңды дауыл соғады, шығыста түнде көктайғақ, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жауады. Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30 жылыға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында 20-27 жылыға дейін, шығыста 15-23 жылыға дейін, оңтүстікте 25-33 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 17-25 жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.