Жаңалықтар

Биыл 9 мамырда әскери шеру өтпейді

Биыл 9 мамырда әскери шеру өтпейді

Қазақстан биылғы 9 мамырда да әскери шеру өткізбейді, деп хабарлайды taulik.kz ulysmedia.kz сілтеме жасап. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ақпарат таратты. Ведомство шеру бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбай отырғанын атап өтті.
«Қазір департаменттің басым бағыты – Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын сақтау. Дегенмен, әскери бөлімдерде шағын әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіледі», - делінген хабарламада.