Алматы-Өскемен тасжолында көлік апатынан 2 адам қаза тапты
Алматы-Өскемен тасжолында көлік апатынан 2 адам қаза тапты
Алматы-Өскемен тасжолында көлік апаты болып 2 адам қаза тапты, 4 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды taulik.kz Халық Үніне сілтеме жасап.
Оқиға 24 сәуірде Көксу ауданында болды. Алматы-Өскемен автожолының 190-шақырымында Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, машинаның аударылуына жол берді.
Жол апатынан әйел мен бүлдіршін мерт болды. Әртүрлі жарақаттармен тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында кәмелетке толмаған үш бала бар.
Оқиға орнында полицейлер мән-жайды анықтап жатыр.
«Жетісу облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жол - қателікті кешірмейді. Жүргізушінің шамалы қателігі қайғылы жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Есіңізде болсын, сіздердің әрқайсыңызды жақындарыңыз үйде күтеді»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.