Жаңалықтар

Жаңбырдан кейін пайда болатын иіс туралы білесіз бе?

Жаңбырдан кейін пайда болатын иіс туралы білесіз бе?

Жаңбыр жауғаннан кейін пайда болатын иіс адамдардың көпшілігіне ұнайды. Бірақ көбісі бұл иістің атауы петрикор екенін біле бермейді.

Бұл терминді 1964 жылы Родерик Томас пен Изабелла Беар зерттеп, ғылыми айналымға енгізген. «Петрикор» сөзі грек тілінен аударғанда «petra» – «тас», «chor» – «су» деген мағынаны білдіреді. Жалпы жаңбыр жауғанда пайда болатын иістің себебі неде? Әдетте өсімдіктің бойында түрлі май мен майтектес заттар болады, олар өсімдіктің тамырымен жерге тарап, топырақты құнарландырады. Жаңбыр жауған кезде ағын су жердің қабыршақтары мен жарықшақтарына құйылып, оның ішіндегі ауа ылғалмен араласып, көпіршікке айналады да ауаға көтеріліп, ұсақ тамшыларға айналады. Бұл ұсақ тамшылардың құрамында жаңбыр суына сіңіп кеткен өсімдік майы бар. Ал ауаға тарап, айналаға ерекше иіс сыйлаған да дәл осы – өсімдік майы. Айта кетейік, жаңбыр жауған кезде ауаға ылғал тамшыларымен бірге топырақта жатқан бактериялар да көтеріледі. Ғалымдардың айтуынша, бұл иммунитеті төмен адамдарға қауіпті болуы мүмкін.