Ресейде президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды
Ресейде президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейде президент сайлауы ешбір кедергілерге қарамастан өткізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресей Федерациясы басшысының баспасөз хатшысы 2024 жылы Ресейде президенттік сайлау өтетінін, оған дайындық жүргізілетінін айтты.
"Кез-келген сайлау өте маңызды, әсіресе мемлекет басшысының сайлауы. Өз жолдауында президент алдағы сайлауларға – муниципалдық және президенттік сайлауға қатысты көзқарасын білдірді. Сондықтан сайлау өтеді", – деді Песков.Ақпан айындағы жолдауында Путин қыркүйектегі жергілікті және аймақтық үкіметтерге сайлау және 2024 жылғы президенттік сайлау заңға сәйкес қатаң түрде өтетінін мәлімдеген. Сонымен бірге Песков Ресей Федерациясының президентін сайлауға араласу әрекеттері мен түрлі қысымдар әлемдегі шиеленіскен жағдай аясында бірнеше есе артатынын атап өтті.