Қымбатшылықтан үкіметке деген сенім азайып бара жатқан жоқ па?
Қымбатшылықтан үкіметке деген сенім азайып бара жатқан жоқ па?
Қымбатшылықтан үкіметке деген сенім лимиті азайып бара жатқан жоқ па, бұл туралы Taulik.kz жазады.
Үкімет отырысынан кейін Ulysmedia.kz тілшісі Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа «сіздер қаншама отырыс өткізсеңіздер де, халық оның пайдасын белгілі бір деңгейде сезінбей тұр. Инфляцияның жоғарылығы, азық-түліктің қымбатшылығынан үкіметке деген халықтың сенім лимитін азайып бара жатыр деп есептемейсіз бе?» деп сұрады.
«Қараңыз, инфляция қазір ең үлкен проблема. Былтырдан, тіпті пандемиядан кейін басталды. Логистикалық проблемалар өте көп болды. Былтыр ақпан айында соғыс басталғанда көлік және логистикалық проблемалар пайда болды. Біздің экспортымыз бен импортымыз Ресей аумағы өтетін. Тек бізде емес, бүкіл аймақта. Ол жаһандық проблема. Рекордтық инфляция АҚШ-та, Германияда болды. Өзбекстанда болған. Кейбір шекаралар жабылды. Қандай экономика болса да ашық экономика. Көршілес елдермен саудада болады. Бізде де солай болды. Біздің экономикамыз адаптация жасады. Әрине осы жұмыс жалғастырамыз», - дейді Қуантыров.Жалпы Қуантыровтың өзі бүгін үкіметте «инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін өзектілендіру мәселесі бойынша» баяндама жасаған еді. «Қымбатшылықтың беті қайтарар» деген трендтерді де атаған.