Шаңды дауыл, найзағай: 9 облыста ескерту жарияланды
Шаңды дауыл, найзағай: 9 облыста ескерту жарияланды
Қазақстанның 9 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды taulik.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды. Түнде облыстың таулы аудандарында, солтүстігінде -2-7 градус суық болады деп күтіледі. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында, түнде өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Орал қаласында түнде найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде облыстың шығысында шаңды дауыл тұрады. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шымкентте шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін жетеді. Түркістанда шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с болады деп күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында ,түнде өңірдің оңтүстігі мен батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбеде күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Ақтауда найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Қызылорда облысының орталығында, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің басым бөлігінде соққан желдің екпіні 25 м/с құрайды. Қызылордада шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодарда күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.