Қазақстанда жарық, су, жылу бағасы қашан өсетіні белгілі болды
Қазақстанда жарық, су, жылу бағасы қашан өсетіні белгілі болды
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда жарық, су, жылу тарифтері қашан қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
“Электр энергиясы желілер тозған өңіріне байланысты қымбаттайды. Бізде қалай? Биыл бағдарлама жариялағаннан кейін желілерді жылдам жаңарту керек. ЖЭО-ларда да. Электр энергиясы үшін баға өсімі шілдеге жоспарланған. Ал жылу бойынша өсім жаңа жылыту маусымы басталған кезде болады. Ол да өңірге байланысты. Мәселен, қыркүйекте қымбаттаса, ол сома қазанда келеді”, – деп түсіндірді министр.Қуантыровтың сөзінше, тарифтер бірден емес, біртіндеп қымбаттамақ. Ол су тарифін де өсіру жоспарланып отырғанын жеткізді.
“Өйткені кәріз жүйесін де жаңарту керек. Кәріз жүйесін жаңғырту үшін өте үлкен инвестиция керек”, – деді ведомство басшысы.