Жаңалықтар

«Өз кінәмді мүлдем мойындамаймын» – Арыстанбек Мұхамедиұлы

«Өз кінәмді мүлдем мойындамаймын» – Арыстанбек Мұхамедиұлы

Бұрынғы мәдениет министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін айыптау қорытындысымен келіспейтіндігін әрі кінәсін мойындамайтындығын айтты, деп жазады Taulik.kz Mezgil.kz-ке сілтеме жасап.
"Өздеріңіз білетіндей, сот процесі басталды. Дәл қазір менің қоғамға шындықты айтудың жалғыз мүмкіндігі әлеуметтік желілер болып қалды. Сот барысында болып жатқан оқиғаны мен шектен шыққан бассыздық, заңсыздық және саяси астарлы іс дер едім. Шыдамның да шегі бар, бірақ ұстамды болуым керек екенін сеземін. Дегенмен, қазіргі іске қатысты өз көзқарасымды бәріңізбен бөлісуді қажет деп санаймын. Алдымен, мен айыптау қорытындысымен мүлдем келіспеймін және өз кінәмді мүлдем мойындамаймын. Иә, кінәмді мойындау туралы түрлі астыртын ұсыныстардың болғанын несіне жасырамын, бірақ мен мұны істей алмаймын, өйткені мен кінәлі емеспін. Мен ешкіммен ешқандай мәмілеге бара алмаймын, өйткені бұл іс менің аты-жөніме ғана емес, ар-ұжданыма да қатысты. Ар-ұяттан аттамай еліміздің игілігі үшін еңбек еттім, маған сеніп тапсырылған барлық салаларда Қазақстанның ұстанымы нығаюы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырыстым", - дейді.