Елордада күніне 90-100 ата-ана балабақша кезегіне тұратыны рас па?
Елордада күніне 90-100 ата-ана балабақша кезегіне тұратыны рас па?
Өткен жылы елордада балалардың 80 пайызы мектепте дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтылды. Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтің мәлім етуінше, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Бүгінде елордада 507 мектепке дейінгі ұйымда 67 730 бала тәрбие алып жатыр. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6 жасқа дейінгі балалардың табиғи өсімі 23 448 және көші-қон есебі бойынша 3 115 баланы құрады. Қазір 23 746 елордалық бала балабақша кезегінде тұр. Халық санының өсуіне байланысты балабақшаға сұраныс жыл сайын артып келеді. Күн сайын балабақша кезегіне 90-100 өтініш беріліп, кезекке тұрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша балалардың 80 пайызы балабақшамен қамтылды», - деді Қасымхан Сенғазыев елорда мәслихатының отырысында.Қазақпарат жазуынша, Қасымхан Сенғазыев балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бағытындағы жұмыс жалғасын табатынын айтқан.
«Биыл қаңтар мен сәуір айы аралығында 200 жекеменшік балабақшаға 8 957 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Жылдың екінші жартысында қалған 870 орынға конкурс жарияланып, мемлекеттік тапсырыс орындалады», - дейді ол.