Күршімдіктер күресі: Маралды тұрғындары фабриканың жабылуын талап етті
Күршімдіктер күресі: Маралды тұрғындары фабриканың жабылуын талап етті
«Біз жергілікті қоғамдастық Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары 2023 жылғы 28 наурыздағы Маралиха тау-кен компаниясының мүмкін әсері туралы қоғамдық хаттамасының күшін жоюды талап етеміз.
Ұсынылған хаттама шындыққа сәйкес келмейді деп есептейміз. Жүзден астам адам қатысты. Қоғамдық тыңдау кезінде тұрғындар әсер туралы сұрақ қойды. Оларға толық жауаптар алынбады. Хаттамаға енгізілмеді. Сонымен қатар тұрғындардың нормативті-құқықтық актілерге келісімі және хатшыны таңдауы бойынша дауыс беру фактілері жоқ. Бұл бейнежазбамен расталады.
Күршім ауданының әкімі бұл – алдын ала тыңдау екенін, алдағы уақытта негізгі тыңдау болатынын, сұрақтарға нақтырақ жауап берілетінін алға тартып, сөз сөйлеушілерге шектеу қойып, сөз бермей жаңылыстырды. Тұрғындардың бұл жобаға деген келісімін дауысқа салуға, ұсыныстарын білдіруге аудан әкімі рұқсат бермеді.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының 32, 33-тармақтары міндетті түрде қорытындылауды көздейді. Қорытындылау болған жоқ.
Жалпы, біз бұл қоғамдық тыңдауларды жарамсыз деп танып, отырыс хаттамасының күшін жоюды талап етеміз.
Облыс әкімі Даниял Ахметовтің келуін, кен орны мен салынып жатқан фабриканы жабылуын талап етеміз», - дейді тұрғындар.
Ulysmedia.kz хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылындағы алтын жыры әлі басылмай тұр. Екінші жыл қатарынан жергілікті тұрғындар "ауыл аумағына алтын қазатын фабрика салынбасын" деп, талап қойып келеді. Амалы таусылған халық тіпті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан «олигархтардан қорғауды» сұраған еді.