Ақмола облысында тоқ соққан жұмысшы қайтыс болды
Ақмола облысында тоқ соққан жұмысшы қайтыс болды
Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып мерт болды, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 сәуірде Зеренді ауданында болған.
«Аудандық ішкі істер бөліміне өңірдегі ауылдардың бірінде көкшетаулық 55 жастағы тұрғынын электр тоғы соғып, оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Ер адам жергілікті қосалқы станцияда жұмыс істеген», - делінген ПД хабарамасында.Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.