Қарағандыда біреудің құжатын пайдаланып 6 рет несие алған күдікті ұсталды
Қарағандыда біреудің құжатын пайдаланып 6 рет несие алған күдікті ұсталды
Қарағандыда белгісіз біреу алаяқтықпен біреудің құжатын пайдаланып алты рет несие рәсімдеген, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 37 жастағы ер адам арызданған. Арызданушы белгісіз біреудің жеке куәлігін ұрлап кеткенін айтқан. Осы құжатты пайдалана отырып, қаладағы түрлі микронесие ұйымдарында алаяқтықпен алты рет несие рәсімдеп үлгерген. Келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы ер адамды ұсталды. Ол қылмысын мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.