Жаңалықтар

Басым бос: ең жас министр жеке өмірі туралы айтты

Басым бос: ең жас министр жеке өмірі туралы айтты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Qazaqstan телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында қонақ болып, жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлады Taulik.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Министр бағдарлама барысында экология төңірегіндегі мәселелерге, қазір атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді.

«Басым бос. Тұрмыс құрмағанмын. Жүрегімді жаулайтын адамға мынадай болу керек деген критерий жоқ. Менің ойымша, бұл өмірде ең бастысы – адам болып қалу. Білімі де, материалдық жағдайы да маңызды емес», – деді министр.

Зүлфия Сүлейменова 9 жылдан бері ет жемейтінін, сондай-ақ бағалы тон кимейтінін айтты. Министр болғалы кітап оқуға уақыты болмай, Нельсон Манделаның биографиясы туралы аудиокітап тыңдап жүргенін де жеткізді.

Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова биыл 4 қаңтарда Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.