Алматыда тағы жер сілкінді

27 сәуір, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Алматыда тағы жер сілкінді 26 сәуір күні сағат 23:23-те Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 292 шақырым жерде Қырғызстан аумағында магнитудасы MPV 4,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Taulik.kz .

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС мәліметі бойынша жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,8. 

Ulysmedia.kz жазуынша, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы барлық тұрғын үйлердің үштен бірі  жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін екенін хабарлап  , алматылықтар әкім Досаевқа  көпқабатты үйлерден құтылуды ұсынған болатын.