Әділет вице-министрі депутат Бапидің сынына жауап берді
Әділет вице-министрі депутат Бапидің сынына жауап берді
Әділет министрлігі жақын арада Қазақстанға заңсыз әкетілген активтерді қайтару туралы заң жобасын көпшіліктің талқылауына жариялауға уәде беріп отыр, деп хабарлайды Taulik.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Құжатты әзірлеуші – Әділет министрлігі. Ведомство өз жұмысын белсенді жүргізіп жатқанын және жақын арада қазақстандықтар ұсынылған заңнамалық нормалармен таныса алатынын мәлімдеді.
«Қазір оны мүдделі мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары жан-жақты талқылап жатыр. Жақын арада заң жобасы ашық құқықтық актілер порталында орналастырылады. Жұртшылық көріп, пікір білдіру мүмкіндігіне ие болады», - деді Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова.