Сабина Алтынбекова әлемнің ең бай волейболшыларының рейтингіне енді

27 сәуір, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Сабина Алтынбекова әлемнің ең бай волейболшыларының рейтингіне енді Қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова әлемнің ең бай волейболшыларының рейтингіне енді, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. БАҚ рейтингте спортшылардың клубтардан алған ақшасы, демеушілік табыстары мен жылжымайтын мүлікке салған инвестициясы есепке алынғанын жазады. Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай жиырма волейболшының 11-ші қатарында. Оның байлығы 4,7 миллион долларға бағаланды. Алғашқы 10 келесідей көрінеді: 10. Саманта Брисио Рамос, 4,7 миллион доллар 9. Бренда Кастильо, 6 миллион доллар 8. Фабиана Клаудино, $6,9 млн 7. Ким Ён Кён, 7 миллион доллар 6. Юлия Герасимова, 7 миллион доллар 5. Паола Эгону, 7,3 миллион доллар 4. Taisa Daher Pallezi, $7,7 млн 3. Габриэла Гимараес, 8,8 миллион доллар 2. Жаклин Карвальо, 9,1 миллион доллар 1. Шела Кастро, $12 млн Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте рекордтық орынға көтерілгені хабарланған болатын.