Жаңалықтар

Жемқорлардан тәркіленген ақша: мектептер құрылысына қанша қаржы жиналды

Жемқорлардан тәркіленген ақша: мектептер құрылысына қанша қаржы жиналды

Үкімет жемқорлардан тәркіленген ақшаға 72 жаңа мектеп салынуы керектігін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz. Tengrinews.kz жазуынша, бүгінгі таңда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түскен. Сонымен қатар ел басшылығының тапсырмасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда, 94,1 млрд теңге 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға; тағы 12,6 млрд теңге 3 жаңа нысанның (екі ауысымда 1400 орынға арналған 2 мектеп және 200 орындық мектеп-интернат) құрылысын аяқтауға бағытталады.