Жаңалықтар

Әскерде тағы дау: «Мүгедек әрі сотталған боп оралды»

Әскерде тағы дау: «Мүгедек әрі сотталған боп оралды»

Маңғыстаулық 18 жасар Нұрлан әскерде оқ-дәрілерді тазартуға жіберілген. Табылған снарядтың бірі жауынгердің қолында жарылып, екі саусағына зақым келтіреді. Мұнымен қоса, болған оқиғаға солдаттың өзі кінәлі деп танылып, шартты түрде 1 жылға сотталған, деп хабарлайды taulik.kz ztb.kz сайтына сілтеме жасап.
«Олар полигонды тазалауға арнайы құралдарсыз барған. Яғни дайындықсыз полигонды тазартуға жіберілген. Бұл дұрыс емес, олар бұл істің маманы емес қой, олар “сапер” емес», - дейді Нұрланның әпкесі Назым Өмірбаева.
Жауынгердің туыстары сот шешімін қайта қарап, жәбірленушіге мүгедектік тағайындауды сұрайды.