Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

28 сәуір, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады? Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады, деп хабарлайды Taulik.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап. Атап айтқанда: 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні 9 мамыр - Жеңіс күні. Осылайша қазақстандықтар мереке күндері төрт күн демалады. Себебі 7 мамыр жексенбіге келіп тұр, оның демалысы 8 мамырға ауысады. Еске салсақ, егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс бір күнге ұзартылады.