Ерғали Шамей парадзюдодан Азия чемпионы атанды
Ерғали Шамей парадзюдодан Азия чемпионы атанды
Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан парадзюдодан Азия чемпионатында Ерғали Шамей жеңіс тұғырынан көрінді, – деп хабарлады Taulik.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз финалда өзбекстандық спортшы Шохрух Мамедовты жеңіп, көзі мүлдем көрмейтіндер санатында (J1) 73 келі салмақта алтын медаль иегері атанды.
Құрлықтық біріншілікке Азияның 11 елінен 80-нен астам татами шебері келді. Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының намысын J1 және J2 санаты бойынша 22 дзюдошы қорғайды.