3 жасар егіздер уланып қайтыс болды
3 жасар егіздер уланып қайтыс болды
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында үш жасар егіздер көмірқышқыл газына уланып қайтыс болды. Егіздердің анасы электр жылытқышты қосып, балаларды үйде жалғыз қалдырған, деп хабарлайды taulik.kz Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Астанада халықпен кездесу барысында 27 сәуірде орын алған қайғылы оқиға жайлы айтты.
"Отбасы әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар ретінде тіркелмеген. Алайда соған қарамастан анасы үш жасар екі кішкентай баласын үйде жалғыз тастап кеткен. Оның үстіне әйел электр жылытқышты қосып қалдырған. Бұл қысқа тұйықталуға әкеліп соңы өртке ұласқан. Өкінішке орай, небәрі 5 шаршы метр аумақтағы өрттің салдарынан екі бала көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды", - деді Юрий Ильин.Министр ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау керектігін баса айтты.