Қостанай облысында үйден егіз бүлдіршіннің денесі табылды

29 сәуір, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Қостанай облысында үйден егіз бүлдіршіннің денесі табылды

Қостанай облысында жеке үйден шыққан өрт салдарынан екі кішкентай бала қайтыс болды деп хабарлады Taulik.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 27 сәуірде Ұзынкөл ауданы Ершовка ауылында болған.

«Өртенген үйден 2020 жылы туған егіз баланың денесі табылды. Өрт ас үйден шығып, 5 шаршы метр аумаққа тараған. Өрт кезінде балалар үйде жалғыз қалған. Оқиға туралы жұмыстан қайтқан отағасы  хабарлады», – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде құтқарушылар қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өрт электр су жылытқышының электр желісіне қосылып тұрған кезінде, токтың қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін.

«Балалар өлімінің алдын ала себебі: көміртегі тотығынан улану», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесі үшін айтылмайтынын  ескертті.