Жаңалықтар

Атырауда трактордың цистернасына шұбат құйған балаға айыппұл салынды

Атырауда трактордың цистернасына шұбат құйған балаға айыппұл салынды

Атырауда трактордың цистернасына шұбат құйған балаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Taulik.kz. Tengrinews.kz жазуынша, істі Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған. Ер адамға ӘҚБтК-нің 435-бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша айып тағылды. Өйткені сотталушының баласы «Спектр» бағбандық қоғамына тиесілі трактордың май құятын орнына түйе сүтін құйып алған. Сот отырысында жасөспірімнің заңды әкесі өз кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот баланың әкесінің материалдық жағдайын, оның кінәсін толық мойындауын ескере отырып, әкімшілік айыппұлдың мөлшерін 30 пайызға азайтып, 16 905 теңге көлемінде айыппұл салды. Соттың шешімі заңды күшіне енді.