«Әлихан Лениннің аяғын сүйеді» – Жанат Бақыт
«Әлихан Лениннің аяғын сүйеді» – Жанат Бақыт
Белгілі журналист, соңғы күндері регрессология ілімімен елді шулатып жүрген Жанат Бақыт Алаш зиялыларымен байланысты тағы бір тақырып қозғады.
Бұл жолы ол Кенесарының басын елге қайтармақ болғанын, сол жолда Әлихан Бөкейхановпен, Ленинмен қалай тілдескені туралы айтып берді. Оны оқыған жұрт "Асқынған ғой" деген сияқты түрлі пікірлер жазып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
"Мен басты алып, денесімен бірге жерлеймін дедім. Бар қалауым сол еді... Алайда басты қолыма алған сәттен бастап бәрі өзгерді! Лениннің қитұрқы өз жоспары болыпты...“Екеуміз басты алып Еуропаға барамыз” деді Ленин қулана күліп. Амалсыз келістім… Әлихан іші сездііііі. Сенбеді. Хан Кененің басын қысып ұстаған күйі бергісі келмеді. Әлихан шарасыз еді. Нағыз бейшараның күнін кешеді. Амалсыз Хан Кененің басын Михаиловтың қолына ұстатуға мәжбүр болды. Михаилов жымысқы жүзімен бір қарап, басты алып, жоқ болады.
Жан-дүниесі қан жылаған Әлихан қараңғы, суық қапаста жалғыз қалады… Сол кезде ашуға булыққан Әлихан бір күні Лениннің алдына барады.
– Сен, ит, неге уәдеңді орындамайсың, а? – дейді ашудан қалш-қалш етіп.– Мен саған уәде беріп пе едім? Дәлелің бар ма? – дейді Ленин мысқылдап.
Әлихан Ленинді тоқтаусыз тепкінің астына алады. Тебе берді, ұра берді. Тебе берді. “Атамыз, Бабамыз” деп жүрген Лениннің быт-шытын шығара тепкен қау дәу?” деп кеңседе отырғандар орындарынан қозғала алмай қалды. Ленин:
– Әлихан, аяғымды сүйсең біреуін босатамын. Жақсылаааап ойлаааан, – дейді ыржыңдап.
Амал жоқ… Әлихан Лениннің аяғын сүйеді де, Ахметті босатуын өтінеді", – деген ол.
Жанат Бақыттың бұл жазбасына желі қолданушыларының бірі күліп, бірі жағасын ұстап жатыр.