Жаңалықтар

Депутат Зеленскийге Түркияға шабуыл жасауға кеңес берді

Депутат Зеленскийге Түркияға шабуыл жасауға кеңес берді

VIII шақырылған Алматы мәслихатының Amanat партиясының депутаты Анна Башинская Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауды ұсынды, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Түркия жақсырақ, Зеленский мырза! Ол мемлекет жыл бойы жылы», – деп жазған Башинская Deutsche Welle Facebook парақшасында.
"Deutsche Well" Украина президенті Владимир Зеленскийдің жоспарлы қарсы шабуылды және аннексияланған Қырымды Украина бақылауына қайтаруды жариялаған сөзін жазған. Президент Yle-ге берген сұхбатында Украинаның жетістігі Батыстың Киевке қару-жарақ жеткізуін жалғастыра ма, жоқ па соған байланысты екенін айтқан. Сондай-ақ ол соғыстың жылдар бойы жалғасуы мүмкін екенін жеткізген. Желі оқырмандары Башинскаяның Қазақстан азаматы бола тұра, басқа елдің президентіне ұсыныс айтқанын сынады. Кейіннен Анна Башинская Украина президентіне жазған пікірін өшіріп тастап, өзінің фейсбук парақшасына кешірім сұрап, жазба жариялады.
«Құрметті достар! Мен Украина Президентінің Facebook-тегі «Deutsche Well» мәлімдемесіне ойланбай түсініктеме жазыппын. Түркия туралы жазғанда мен мүлде олай айтқым келген жоқ. Бауырлас түрік халқынан кешірім сұраймын! Мен Украина мен Ресей халықтарына тек бейбітшілік тілеймін. Кешіріңіздер, бұл – менің қателігім. Бұл жағдайға пікір айтуға құқығым жоқ, біздің өз еліміз бар, мен депутат ретінде ең алдымен оның амандығын ойлауым керек», – деп жазды депутат.