Полицейлер 3 жасар баланы құтқарып қалды
Полицейлер 3 жасар баланы құтқарып қалды
Қостанай полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды. Тәртіп сақшылары 3 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ІІМ қызметкерлері анықтағандай, анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен. Пәтерде шәйнек газплитаға қосулы болған. Кішкентай қыз үйдің есігін іштен жауып алған. Салдарынан, анасы пәтерге кіре алмай қалған.
«Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді. Келген полиция қызметкерлері Абай Фазылов пен Алмас Сафин пәтерге балкон арқылы кіруге жедел шешім қабылдаған. Пәтер екінші қабатта орналасқан», - делінген министрлік жазбасында.Полицейлер пәтерге кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады. Балақайдың анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.