Белгілі заңгер Бақыт Үсетов жоғалып кетті
Белгілі заңгер Бақыт Үсетов жоғалып кетті
Шымкентте белгілі заңгер Бақыт Үсетов жоғалып кетті, деп хабарлайды Taulik.kz.
Ulysmedia.kz жазуынша, адвокат соңғы рет оның отбасымен 24 сәуірде хабарласқан.
Адвокаттың қызы әкесін жоғалып кетті деп хабарлаған.
«Әкем жоғалып кетті, соңғы байланыс бір апта бұрын болған. Заңгер болып жұмыс істейді, Усетов Бақыт Сейілханұлы, 30.11.1970 жылы туған. Оны әріптестері де іздеп жатыр. Байланысқа шықпады, телефоны толығымен ажыратылға», - деді ол.Әріптестері ер адамның қайда екені туралы ештеңе білмейді, полицейлер еріктілердің көмегімен адвокатты іздеп жатыр.