Жаңалықтар

Қожамбердиев Түркияда WBC титулын нокаутпен жеңіп алды

Қожамбердиев Түркияда WBC титулын нокаутпен жеңіп алды

Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (12-2, 12 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Taulik.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Ол Ыстанбұлдағы (Түркия) бокс кеші аясында үндістандық Кулдип Сингхпен (8-5-1, 5 КО) кездесті. Крузервейттегі WBC «Таяу шығыс» (WBC Middle East) чемпиондық белбеуі бәске қойылды. Айқаста Қожамбердиев мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл Еділдің 2021 жылғы желтоқсаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Ол кезде Еділ түрік Хамза Гюнешті (6-1, 4 КО) бірінші раундта жеңіп, бос тұрған бірінші ауыр салмақтағы UBO Intercontinental белбеуін иеленген еді.