Жаңалықтар

Астана қаласында су тапшы

Астана қаласында су тапшы

Астанада су тапшылығы қатты сезіле бастады, деп хабарлайды taulik.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай дабыл қағып жатыр. Оның айтуынша, үкімет алдында 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Қазір бұл көрсеткіш қалаларда - 98%, ауылдық елді-мекендерде 94%-ті құрайды.
«Аса маңызды жұмыстардың бірі – елдегі су ресурстарының тапшылығын шешу. Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз су мәселесін шешуді талап етеді. Тіпті Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Бұл ретте, суды үнемдеу маңызды сұрақ болып отыр. Өкінішке орай, көптеген азаматтарымыз суды үнемдегісі келмейді», - дейді Смайылов.
 Оның сөзінше, бұл мәселені шешу үшін саланы цифрландыру және тиімді тарифтерді енгізу қажет. Осы мәселенің бәрін жаңа Су кодексі мен бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде ескеру қажет дейді премьер-министр.