Жаңалықтар

Қазақстанда әуе билеттері күрт қымбаттады

Қазақстанда әуе билеттері күрт қымбаттады

Қазақстанда әуе билеттері күрт қымбаттады, деп хабарлайды Taulik.kz. Елімізде сәуір айында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 1,3%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,9%-ға, ақылы қызметтер – 0,4%-ға өсті.
Ulysmedia.kz жазуынша, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде сәуірде бағаның ең жоғары өсімі дизель отынына – 16,1%, бензинге – 9,7% болды. Наурыз айымен салыстырғанда жуу және тазалау құралдары 1,4%, жеке гигиена құралдары 1,1%, ыдыс-аяқ 1%, тұрмыстық техника 0,9% өскен. “Азық-түлік тауарлары арасында жеміс пен көкөніс бағасы едәуір өскен, сәуірде қырыққабат 4,7%, қызанақ 4,1%, жүзім 3%, алма 2,6%, алмұрт 2,4% қымбаттаған. Бағаның өсуі күрішке – 2,7%, салқындатылған сусындарға – 2,5%, рожкилерге, ультрапастерленген сүтке – әрқайсысы 2,4%-дан, салқындатылған балыққа – 2,2%, пастерленген сүт, макарон өнімдеріне – әрқайсысы 2,1%-дан байқалды. Бұл ретте қияр – 11,4%, қарақұмық жармасы – 3,7%, күнбағыс майы 2,6%-ға арзандады”,- делінген хабарламады.