Жаңалықтар

Алматыда такси жүргізушісі туристке 196 мың теңге төлеткен

Алматыда такси жүргізушісі туристке 196 мың теңге төлеткен

Алматыдағы Халықаралық әуежайдың таксиситері тағы бір дауға қалды. Бұл жолы Германиядан келген шетелдік қонақтан жүргізушілердің бірі қызметі үшін 400 доллар талап еткен деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Германиядан келген туристің қалтасына түскен такси жүргізушісі туралы әлеуметтік желіде Рахат Медербекова есімді тұрғын жазды. Ол әуежайдан қаладағы хостелдердің біріне жеткізген жүргізушісі жас жігіттің 400 еуросын қағып алғанына тоқталған.
“Германиядан қонағымыз келген. Әуежайдағы таксисит қысыммен 400 доллар төлеуді талап етіпті. Жігіт жас болған соң қалтасындағы бар ақшасын төлеп кеткен. Осы мәселе бей-жай қалмайтынына үміттенемін. Оның ақшасын кері қайтаруға көмектесіңіздерші”, - деп жазады ол Facebook-тегі парақшасында.
Кейіннен бұл жағдайға қоғам белсенділері де өз ойын жазған. Шәкір Исламбакиев мемлекет туризмді дамытамыз деп миллиардап ақша бөлгенше осындай мәселелерге назар аударғаны, дұрыс жолға қойғаны дұрыс болар еді дегенді меңзепті.
“Әуежайдан қала орталығына 196 мың теңгеге туристі жеткізген. Мемлекет Қазақстанның туризмін дамытамыз деп миллиардтаған ақша бөледі. Бірақ алаяқтар мен осындай адамдардың салдарынан елге келген қонақтар кері әсермен қайтып жатады. Сонда соншама қаржыны осындай болмашы жайттар кесірін тигізсе не үшін жаратамыз. Оданда сол мәселелерді реттеу керек қой. Менің бұл жайтты жазып жүргеніме біраз жыл болды. Қаншама қонақтарым такси жүргізушілерінен зардап шекті. Бірінде чемоданын бермей қойса, енді бірінде есікті ашпай қорқытады, жалған чек береді. Жағдай түзелген емес. Керісінше әуежайдағы таки қызметінің бағасы шарықтап барады”, - дейді ол.
Ал Евгений Мұхамеджанов бұл жағдайға тікелей әуежай әкімшілігі кінәлі деп отыр. Тіпті сол әуежай басшылығы әлгі алданған жас баланы тауып, ақшасын қайтаруы тиіс дейді.
“Кезекті әуежай таксистерінің қысымы, ақша бопсалауы. Бұл жағдайда труист кінәлі емес, әуежай әкімшілігі бұл іске жауапты. Солар қонақты тауып елдің абыройы үшін 400 еуросын кері қайтаруы тиіс. Екіншіден, әуежайдағы такси қызметін ретке келтіруі керек. Мемлекетке салық төлейтін, заңды қызмет көрсетушілерді ғана қалдырып, нақты 7-8 доллар аралығында құнды бекітсін. Әрі үлкен етіп ағылшын тілінде осы бағадан жүргізушілер артық ақша сұраса, бірден полицияға хабарласыңыз деп ескерту жазбасын іліп қойсын. Тәртіп пен бақылау болмаған жерде береке де, абырой да болмайды”, - деп жазады белсенді.