Жаңалықтар

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы басып, мерт қылды

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы басып, мерт қылды

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы басып кетіп, мерт қылды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап. Аталған факті 3 мамырда Көктал шағын ауданында болды. Онда 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болды.
«Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған. ЖКО-ның мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды», - делінген хабарламада.