Жаңалықтар

АҚШ Украинаның қауіпсіздігі үшін $300 млн көлемінде көмек жіберді

АҚШ Украинаның қауіпсіздігі үшін $300 млн көлемінде көмек жіберді

Пентагон Украинаның қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша көмек көрсететінін мәлімдеді. Бұл 2021 жылдың тамызынан бастап АҚШ Қорғаныс министрлігінің Украинаға жеткізген 37-ші қару-жарағы, деп хабарлайды Taulik.kz Голос Америки сайтына сілтеме жасап. Жаңа көмек ішінде HIMARS жүйелеріне арналған қосымша оқ-дәрілер, гаубицалар, артиллериялық миномет снарядтары және 300 миллион долларға дейінгі қару түрлері бар. Сонымен қатар АҚШ алғаш рет ұшақтан ұшырылатын және Украинаның құрлық күштерін әуе арқылы қолдау үшін пайдалануға болатын Hydra-70 зымырандарын жіберді. Hydra зымырандарынан басқа, 155 мм гаубицалар мен оларға арналған снарядтар, миномет снарядтары, танкке қарсы құралдар, атыс қаруы мен оқ-дәрілер, ауыр техниканы тасымалдауға арналған тракторлар мен тіркемелер, қосалқы бөлшектер бар.
«Америка Құрама Штаты өзінің одақтасы және серіктесі Украинаға ұзақ мерзімде қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көмек беруді жалғастырады», – делінген хабарламада.
Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен АҚШ Украинаға қаншалықты көмек қажет болса, соншалықты қолдау көрсететінін жеткізді.
«Біз өзіміздің серіктесімізге Ресейдің қарқынды күрес қимылды соғысынан қорғануға қолдау көрсетуді жалғастырамыз", – деді Блинкен Мемлекеттік департамент жариялаған мәлімдемесінде. – Бұл жіберілген көмек Украинаға Ресейдің себепсіз бастаған соғысына. Ресей соғыс қимылдарын тоқтатпайынша, АҚШ Украинамен қажет болғанша бірігеді» - деп жазды ол.